Астана қаласы әкімдігінің«№81 Astana English School халықаралық мамандандырылған гимназия» КММ
МИССИЯСЫ: «Astana English school» Халықаралық мамандандырылған гимназиясының басты мақсаты- үш тілді ортаны қолдайтын, ізденімпаз, білімді, толерантты және қоғамға пайдасы тиер жастарды тәрбиелеу. «Astana English school» гимназиясы үздіксіз білім беру арқылы әр ұлттың құндылығын құрметтейтін, тұлғалардың дамуына ықпал ететін жан –жақты бағалау арқылы ұлттық және халықаралық стандарттарға негізделген бағдарламаның аясында жоғары сапалы білім берумен қамтамасыз етеді.
№81 «Astana English school» Халықаралық мамандандырылған гимназиясы 2015 жылдың 1 қыркүйегінде ашылып, бүгінгі таңда әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті бола алатын зияткер ұрпақ тәрбиелеуде қазақ – ағылшын тілінде білім беретін білім ордасына айналды.
Аталмыш білім беру ордасы алдымен мамандандырылған гимназия, 2021 жылы алғашқы мемлекеттік мектеп болып Халықаралық бакалавриат мәртебесін алды. 2022 жылы сәуір айында мектеп атауы №81 «Astana English school» Халықаралық мамандандырылған гимназиясы болып өзгертілді.
Гимназия Американың ең танымал оқу орны Вашингтон академиясымен серіктес және оның ресми өкілі болып танылды. Халықаралық ұйымдармен екі арада «Global Scholars» жобасының үйлестірушісі ретінде, сондай ақ, ЮНЕСКО-мен қолайлы білім беру ортасы мәселелері бойынша әріптестік ынтымақтастық байланыс орнатып отыр.
Гимназияда әр шәкірттің интеллектуалдық әрі шығармашылық қабілетін дамытып, ізденімпаздығы мен білімін жан –жақты жетілдіріп, оқуға деген ынта –ықыласын арттыруға барлық жағдай жасалған.
Гимназияда пән кабинеттері заманауи жаңаша құралдармен жабдықталған. Оқушылардың теориялық білімін тәжірибе жүзінде толықтыруға барлық мүмкіндіктер жасалған.
Гимназияның жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі шығармашылық жұмысы жыл сайын өз нәтижесін беріп келеді. Оған мектеп түлектерінің мемлекеттік грант арқылы еліміздің және шет елдің ең мықты жоғарғы оқу орындарына түсуі дәлел.
Білім ордасында оқушылардың бейіміне, түрлі қабілеттеріне қарай дамытуына және тәжірибелік жұмыстардың жүзеге асыруына көптеген мүмкіндіктер бар.
Оқу үдерісінің сапалы ұйымдастыруына ерекше назар аударылады. Мұғалімдер жаңартылған білім беру аясында түгелдей сертификатталған, балаға білім беру жолында өз білімдері мен біліктіліктерін ұдайы шыңдап отырады. Білім ордасының жыл сайынғы жетістіктері – соның айғағы. Гимназия оқушылары халықаралық, республикалық, қалалық білім, өнер, спорт жарыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.
№81 «Astana English school» Халықаралық мамандандырылған гимназиясы – талантты, дарынды оқушылардың басын біріктіріп отырған мекен. Сыйластық пен шынайы достықтың адамның тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, тұлғаның жан-жақты қабілетін ашып көрсетуіне мүмкіндік беретін киелі де, қасиетті ұя.