MYP 5-ші жылында барлық оқушылар Жеке Жоба бойынша жоба жұмысын орындауы міндетті болып табылады. Оқушылар бұл жобаны жеке орындайды және олар өздерін қызықтыратын тақырып пен жоба тілін таңдай алады.Оқушыларға жұмысты орындау үшін супервайзерлер, яғни жоба жетекшілері тағайындалады. Жобаны сәтті жүзеге асырғаннан кейін оқушылар халықаралық сертификатқа ие болады. Жобаның 3 критерийі бар. Жоспарлау, дағдыларды қолдану және рефлексия.
Жеке жоба оқушыларға шығармашылық өнімді құруға және MYP-те үйренген білімінің кульминация ретінде жұмыстарын көрсетуге тамаша мүмкіндік береді.
Orazbekov Aldiar