2022 жылдың 29-31 наурыз аралығында Республикалық «Мамандықтар әлеміне жол ашамыз» форумы болып өтті. Оған қала бойынша 11-17 жас аралығындағы ең үздік оқушылар қатысты. Аталмыш шара Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өтті.
Форумның басты мақсаты, балаларға болашақ мамандығын таңдауда жол көрсетіп, бағыт-бағдар беру. Заман талабы бойынша балалар өзінің болашақ мамандығы туралы мектеп қабырғасынан-ақ білуі тиіс.
Форум жеңімпаздары 4-сәуір күні Zoom платформасында онлайн түрде белгілі болды. Республика бойынша үш тілде өткен форумға 170 оқушы қатысқан. Оның 10 оқушысы Нұр-Сұлтан қаласынан болды.
Осы бәйгеде біздің «№81 «Astana English School» мамандандырылған гимназиясының 9 «В» сынып оқушысы Қараманова Ақнұрым ағылшын тілінде «Осындай мамандық бар» номинациясынан жүлделі 1-орынды иеленді.