"Techno Lab" — Инновация мен шығармашылықты дамыту орталығы
Ашылу салтанаты барысында оқушылар өз жетекшілерімен бірге ерекше жобаларын көпшілікке таныстырып, заманауи технологияларды қолданудың нақты үлгілерін көрсетті. Әрбір жоба жас өнертапқыштардың білімге деген құштарлығын және шығармашылық әлеуетін айқындады. Осы орталықта Самыратов Нағашыбай және Мукушев Жанарбек ұстаздардың жетекшілігімен жүргізілген жұмыстар мен оқушылардың қол жеткізген нәтижелері:
- Ескенеев Инсар, Сапарбек Акижан, Увоимов Жаксымбет, Иманмадиев Нурмухамед — Vex IQ “Rapid Relay” Competition байқауына қатысып, ерекше өнертапқыштық жобаларын таныстырды (Алматы қаласы).
- Team Astana English School — Алматы қаласында өткен Vex IQ “Rapid Relay” Competition байқауында дизайн бағыты бойынша 1-орын иегерлері.
- Иманмадиев Нурмухамед, Муратов Ерали — STEM олимпиадасында ерекше нәтижелерге қол жеткізді. Сондай-ақ, 11 қаңтар күні өткен Республикалық Vex Code сайысында мектеп командалары мынадай жетістіктерге жетті:
2 орын
Қаирбек Арнур (6г)
Жолтай Бекназар (6г)
2 орын
Сагатов Арсен (7в)
Тастан Расул (7в)
3 орын
Абилдин Айсултан
Нурлан Нурасыл
3 орын
Сейлбек Айтуар
Иманали Дияр
4 орын диплом
Сердалин Жантаир
Рамазан Айбар
Қаирбек Арнур (6г)
Жолтай Бекназар (6г)
2 орын
Сагатов Арсен (7в)
Тастан Расул (7в)
3 орын
Абилдин Айсултан
Нурлан Нурасыл
3 орын
Сейлбек Айтуар
Иманали Дияр
4 орын диплом
Сердалин Жантаир
Рамазан Айбар
Бұл жетістіктер оқушылардың ғылым мен техникаға деген қызығушылығының жоғары екенін көрсетті және олардың алдағы уақытта да биік белестерді бағындырарына сенім ұялатты. Сонымен қатар, “Techno Lab” кабинеті оқушыларға келесі бағыттарда білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді:
- Инженерия және робототехника
- Бағдарламалау және 3D модельдеу
- Заманауи технологиялық шешімдерді әзірлеу
Алдағы уақытта мектеп ұжымы оқушылардың технологиялық әлеуетін ашуға бағытталған жаңа іс-шараларды жоспарлап отыр. Соның ішінде:
- Киберқауіпсіздік бойынша байқауларға қатысу
- STEM бағытындағы жобаларды дамыту
“Techno Lab” кабинеті — жаңа ұрпақтың шығармашылық ойлау қабілетін дамыту мен инновациялық білімге деген құштарлығын арттыруға арналған орталық.