Мақсаты: бала тәрбиесіндегі әкелердің үлесін арттыру.
• Гимназия директоры Гульнар Дингуатовна өткізіп отырған семинардың маңыздылығын атап етіп, балаларды тәрбиелеудегі әкелердің рөлін күшейту керектігіне, жасөспірімдер арасындағы бақылаусыздық пен құқық бұзушылықтың алдын-алу жұмыстарына ер азаматтарды тарту, бала бойында тәртіп, жауапкершілік, еңбекқорлық, шығармашылық қабілеттерді, салауатты өмір салтын қалыптастыруда әкелермен тәжірибе алмасу, ойбөлісу болып отырғандығына тоқталды.
Семинар бағдарламасы бойынша әкелер "Әкенің отбасындағы рөлі", "Әкенің ұл бала тәрбиесіндегі рөлі", "Әкенің қыз бала тәрбиесіндегі рөлі" тақырыртарында өз ойларын ортаға салып, отбасындағы ұстанымдарымен белісті.
• Семинар соңында 2023-2024 оқу жылына "Әкелер мектебі" кеңесін құрып, терағасы. орынбасары сайланды.