КӨРМЕ
•Көрме PYP-тің бастауыш сыныптың соңғы жылындағы бірлескен тәжірибенің шарықтау шегі, нәтижесі болып табылады.
•Барлық көрмелер оқушылардың бастамасымен жүргізіледі, бірлесіп әзірленеді және өткізіледі.
•Оқушылардың көрмені жоспарлауға және іске асыруға қатысу дәрежесі оқушылар мен мектептердің PYP-мен жұмыс істеу тәжірибесіне байланысты.
•Көрме – оқушыларға жеке мәселелер немесе мүмкіндіктер туралы түсініктерін зерттеуге, құжатқа енгізіп, жазуға және бөлісуге мүмкіндік беретін шынайы процесс.
•PYP көрмесінде оқушылар өздері таңдаған проблема немесе мүмкіндік туралы түсініктерін көрсетеді. Олар зерттеуді жеке және құрдастарымен, тәлімгердің басшылығымен жүргізеді.
•Көрмеге студенттер оқуды жоспарлауға, ұсынуға (қорғауға) және бағалауға белсенді қатысады. Көрме олардың оқу жауапкершілігін және әрекет ету қабілетін көрсетеді.

Көрмеге қатыс ушылар



Көрме процесі



Көрменің ерекшеліктері
•Көрме соңғы оқу жылындағы алты зерттеу тақырыбының бірі бола алады;
•Немесе барлық пәнаралық тақырыптарды кесіп өте алады;
•Немесе ғаламдық мәселені зерттеуге бағытталған оқу бағдарламасынан тыс жұмыс болуы мүмкін.
•Ол басқа зерттеу тақырыптарымен бір уақытта немесе оқу жылының белгілі бір зерттеу тақырыбының аясында жүргізілуі мүмкін.
•Барлық көрмелер оқушылардың бастамасымен өткізіледі, бірлесіп әзірленеді және өткізіледі.
•Оқушылар білімдерің, концепциялық түсініктерің, дағлыларың, зерттеу жұмысы арқылы оқушы профайлының қасиеттерің ресми және бейресми түрде өздерінің мүмкіндіктерін қаншалықты дамытып, қолдана алатының көрсетеді.
•Көрме - бұл оқушылар қауымдастығының, сондай-ақ оларды бірнеше жылдар бойы PYP-де тәрбиелеген қауымдастық агенттігінің қуатты демонстрациясы, көрсеткіші.
• Білім беру қоғамдастығы өз өміріне және басқа адамдардың өміріне оң үлес қосатын халықаралық ойлау қабілеті бар оқушылардың дамуын қолдайды және атап өтіп, көрмеге қатысады.