Гимназия директоры Гүлнар Дінғуатқызы жас мамандармен кездесу өткізді. Жас мамандарға педагогикалық еңбек жолында сәттілік тілеп, білім саласында мұғалімдер алдында тұрған өзекті мәселелерді сөз етіп, оларды жүзеге асыру, оқушыларға заманауи деңгейде білім беру жастардың қолында екеніне басты назар аудару керектігіне тоқталды.
⚜️Жас мамандар өз пікірлерін білдіріп, сауалдарын қойды.
⚜️Директордың ғылыми – әдістемелік орынбасары Зухра Тулегеновна жас маманның ең бірінші ұжымда бейімделе алуына назар аударып, мектептің жас мамандармен арнайы жұмыс жоспарына сәйкес жүйелі жұмыс жасай отырып, қиындықтардың алдын алып отыратындығын айтып өтті.