«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының ұйымдастыруымен Республикалық «М.Жұмабаев» оқуларының қалалық кезеңі болып өтті. Сайысқа «Жасынан оқу оқып, өнер қуған...» - ғылыми жоба жұмысы бойынша 7 «А» сынып оқушысы Абишева Айғаным қатысып, ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» жатқа оқу бойынша 7 «Б» сынып оқушысы Қазыбек Адина қатысып, грамотамен марапатталды.