«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы» 2022-2023 оқу жылғы жұмыс жоспарына сәйкес оқу пәндерінің авторлық бағдармаларын құрастыратын үздік мұғалімдердің алдыңғы қатардағы тәжірибесін анықтау және тарату мақсатында 2022 жылдың қазан айының 26-27 аралығында республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының қалалық кезеңі өтті.

Мектебімізден 7 мұғалім 10-20.10.2022 ж. аралғында өткен сараптама кезеңінен өтіп, өз жұмыстарын қорғады. «Үздік авторлық бағдарлама» конкурсының қорытындысы бойынша мынадай жүлделі орындарды иеленді.
1. Бердикеева Жанар Ⅲ орын
2. Төлеген Нұрдана Ⅲ орын
3. Кадырбаева Индира грамота
4. Жакилина Айгерим грамота
5. Тулкибаева Гульшахар сертификат
6. Касымова Асель сертификат
7. Сәрсенбаева Зоя сертификат