Жүзден жүйріктер жеңіске жетті
Ағымдағы жылдың 31 қаңтар күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығында республикалық «Алтын тұғыр» математикалық олимпиадасына қатысқан елордалық бастауыш сынып мұғалімдері марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар мен грамоталарды «Астана дарыны» ДДжПСО директоры Ғ.Тұрсынов пен «ZERDELI» акыл-ой дамыту мектебінің директоры Ы.Мәуіт табыстады.
Біздің де ұстаздарымыз бақтарын сынап көрді. Ұзақ жылдар білім саласында еңбек еткен мұғалімдеріміз Жагипарова Каршыга Конысбековна және Исагалиева Нургул Сагидоллаевна жеңімпаздар арасынан көрінді.
«№81 Astana English School» мамандандырылған гимназиясының басшысы Садықова Гүлнар Дінғуатқызы да бүгінгі еңбектерін жоғары бағалап, жас мамандарға үлгі болатындай жеңістерімен құттықтады.


Құттықтаймыз!