Шетел тілі пән бірлестігінің «The path to international mindedness» атты онкүндік іс-шарасының жабылуы 9-сынып оқушыларымен бірге жұмыс жасайтын әр шетел мамандарының бірлесе жасаған жұмыстарын таныстырумен қорытындыланды. Шет ел мамандары оқушылармен өз елінің мәдениетін, салт-дәстүрін, ерекшеліктерін көрсетіп, қызықты ақпараттарымен бөлісті. Іс- шараны өте жоғары деңгейде ұйымдастырған шет тілі білестігі мұғалімдерінің жұмыстарына шығармашылық табыс тілейміз!