М.Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайында 6.03.2023жылы Астана қаласы мектепішілік және студенттік парламент президенттерінің «Көктем ризашылығы» қайырылымдылық балла өтті. №81 «Astana English school» халықаралық мамандандырылған гимназиясының президенті Замантаев Сұлтан қатысты.
Қайырымдылық баллында арнайы қойылған екі вальс биледі. Балл билеттері мектеп қызметкерлері сатып алып, қатысты. Қайырымдылыққа барлығы ықыласпен жұмылдды.



№81 «Astana English school» халықаралық мамандандырылған гимназиясы
Мектеп парламентін ұлықтау салтанаты бойынша
АНЫҚТАМА
№81 «Astana English school» халықаралық мамандандырылған гимназиясында мектеп президенті мен парламент ұйымын ұлықтау салтанаты өтті. Арнайы өткізілген сайлау бойынша мектептің жаңа президенті Замантаев Сұлтан сайланып, барша қауым алдында адалдық антын берді.
Өзге де парламент мүшелері өздерінің ұсынған бағдарламалары мен қабілеттері бойынша фракцияларға тағайындалды. Әрбіріне мектеп парламенті мүшесі екендігін растайтын куәлік табысталды. Оқушыларға парламенттің маңызы мен міндеттерін түсіндіріп, олардың да осы қатарға қосылуға мүмкіндігі бар екенін көрсетті. Ұлықтау салтанатының соңы оқушылардың хорымен аяқталды.
Шара бойынша түсірген видео және фото материалдары мектептің инстаграмм парақшасына салынды.




№81 «Astana English school» халықаралық мамандандырылған гимназиясы
15-сәуір «Козы Көрпеш – Баян Сұлу» күніне орай ұйымдастырылған оқушылардың көктемгі балы бойынша
АНЫҚТАМА
№81 «Astana English school» халықаралық мамандандырылған гимназиясында 15-сәуір «Қозы Көрпеш және Баян Сұлу» күніне орай көктемгі балл ұйымдастырылды.
Балға 8-9сынып оқушыларынан құралған 16 жұп қатысты. Жұптар арнайы қойылған биге 1ай көлемінде дайындалып, әдемі вальсті көрерменге ұсынды. Балда вальстен өзге көптеген оқушылар мен мұғалімдер өз өнерлерін көрсетіп, әсем ән мен баяу би де болды.
Жұптардың арасында балдың ханзадасы мен ханшайымын таңдау мақсатында екі кезеңнен тұратын ойын түріндегі сайыстар ұсынылды. Жұптардың бір-бірімен достығы, сенімі, сыйластығы сынға түскен сайыстар негізінде ұпай жинақтады. Балға келген көрермен арасында да анонимді түрде дауыс беру жүргізілді.
Сайыс пен дауыс берудің қорытындысы бойынша 9 «А» сынып оқушылары Токубаев Тамерлан мен Жусупова Аружан бас жүлдеге ие болып, «Қозы Көрпеш және Баян Сұлу-2023» атағына ие болды.
Шара бойынша түсірген видео және фото материалдары мектептің және мектеп газетінің инстаграмм парақшасына салынды.



Дайындаған: Шайзада Г.А.



№81 «Astana English school» халықаралық мамандандырылған гимназиясы
«Ұлы даладағы ұлыстың ұлы күні» мерекелік шарасы бойынша

АНЫҚТАМА
№81 «Astana English school» халықаралық мамандандырылған гимназиясында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай мектеп парламенті оқушыларының қатысуымен концерттік шара өтті.
Шара бойынша мектептің жиын залында оқушылар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Әртүрлі ойындар жүргізіліп, көңілді атмосфера орнады.
Сонымен қатар, әр сынып өз аудиторияларында дастархан жайып, наурыз мерекесін ұйымдастырды. Алдын ала бөлініп берілген ұлттық салт-дәстүрлер бойынша көріністер қойып, бір-біріне қонақ болып, наурыз мерекесінің негізі саналған көрісуді көрсетті.
Шара бойынша түсірген видео және фото материалдары мектептің инстаграмм парақшасына салынды.



№81 «Astana English School» халықаралық мамандандырылған гимназиясы

«Біз жаяу жүреміз» қалалық эстафетасыбойынша

Анықтама

№81 «Astana English school» халықаралық мамандандырылған гимназиясында мектеп парламенті мүшелері жинақталған құрам «Біз жаяу жүреміз» қалалық үздік жаяу жүру эстафетасына қатысты. Оқушылар, ең алдымен, қаланың ең маңызды әрі көрікті деген нысандарын зерделеп қарады. Карта арқылы есептей отырып, «Бәйтерек» монументінен бастап, «Астана Бас Мешітіне» дейін 10км қашықтықты жүріп өтті. Жолай Абу Даби Плаза, Линейный парк, ботаникалық бақ, Астана балет театры, экспо-2017 нысандарына тоқтады. Жол бойы қаланың тарихы жайлы, ғимаратардың құрылысы жайлы ақпараттар беріліп, оқушылар видио әзірледі.
Шара бойынша балалардың түсірген видео және фото материалдары мектеп парламентінің инстаграмм парақшасына салынды.


Дайындаған: Шайзада Г.А.


№81 «Astana English school» халықаралық мамандандырылған гимназиясы
«Think and Write» мектеп газетінің ашылу салтанаты бойынша
АНЫҚТАМА

№81 «Astana English school» халықаралық мамандандырылған гимназиясында мектеп тарихындағы алғашқы «Ойлан және Жаз» мектеп газеті жарық көрді. 10.04.2023жылы газеттің алғашқы саны оқырманға жол тартып, салтанатты газеттің тұсау кесу рәсімі өткізілді.
Мектеп парламентінің ақпарат фракциясы негізінде құрылған газеттің ашылу салтанатын редакция ұжымы және мектеп парламенті мүшелері бірлесе ұйымдастырды. Шараға мектеп әкімшілігі, мұғалімдер мен оқушылар қатысты. Гимназия директоры Г.Дінғуатқызы газеттің қызыл лентасын қиып, ыстық ықыласын, ізгі тілегін білдірді. Жиналған барша қауым газеттен алып, танысып, өз пікірлерін, құттықтауларын айтты.
Салтанатты шарада бас редактор Серікбек Айзат газеттің жалпы құрлымы, тынысы, шығарылу барысы бойынша баяндамасын көрсетті. Парламенттің дарынды оқушылары ән-күй шертіп, мектеп президенті Замантаев Сұлтан құттықтап, көмекке дайын ізгі ниетін білдірді.
Мектеп газетіне арнайы кітапханадан орын бөлініп, оқушылардың демалыс орындарында және оқу залында емін-еркін мектеп жаңалықтарымен танысуына мүмкіндік жасалды.
Шара бойынша түсірген видео және фото материалдары мектептің және мектеп газетінің инстаграмм парақшасына салынды.

Дайындаған: Шайзада Г.А.

№81 «Astana English School» халықаралық мамандандырылған гимназиясы

Қайырымдылық жәрмеңкесі бойынша

Анықтама
№81 «Astana English school» халықаралық мамандандырылған гимназиясында мектеп парламентінің қамқорлық фракциясы және қоғамға қызмет бірлестігі ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге 5-10сыныптар аралығындағы оқушылар қатысты. Әр сынып қол бұйымдары, кітаптар, үйде жасалған тағамдар жасап, қолжетімді бағада сатылымға шығарды. Тауарларды сатып, барлық қаражатты бр жәшікке жинады.
Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Шын мұқтажға жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу — әрбір адамның азаматтық парызы. Жәрмеңке ұйымдастыра отырып, балаларды қайырымдылыққа баулу басты мақсатымыз болып табылады. Жәрмеңкеден жиналған бар қаражат әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек ретінде жіберіледі.
Шара бойынша балалардың түсірген видео және фото материалдары мектеп парламентінің инстаграмм парақшасына салынды.
Дайындаған: Шайзада Г.А.