«Астана дарыны» ДДжПСО мен NURORDA мектеп – лицейі ұйымдастыруымен математика пәнінен 5-6 сынып оқушыларына арналған қалалық «NURORDA JUNIOR OLYMPIAD» олимпиада да оқушыларымыз жүлделі орындарға ие болды.

«NURORDA JUNIOR OLYMPIAD» нәтижесі бойынша үздік 10 мектеп қатарына №81 «Astana English School» халықаралық мамандандырылған гимназиямыз еніп, гимназия директоры Г.Д.Садыкова диплом және сыйлықпен марапатталды.


5 сыныптар бойынша 2 орынды Сырым Айару, Мамытбеков Абзалхан, Саяхов Ерасыл иеленсе, 6 сыныптардан Даулбеков Мақан 1 орын, Шаяхметова Инаят 2-ші орынды иеленді. Шәкірттерін даярлаған пән мұғалімдері: Серикова Г. А, Авдрасол Б, Бидірахимова Е. Б.