03 қараша күні №81 “Astana English School” халықаралық мамандандырылған гимназиясында жас мамандармен директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары Кусаинова Зухра Тулегеновнаның ұйымдастаруымен «Іс-әрекеттегі зерттеу – тәжірибені жетілдірудің тиімді жолы» тақырыбында мектеп тренері Сәрсенбаева Зоя Сәбуқызы коучинг өткізді.
Коучингтің мақсаты:
Мұғалімдерді жүйелі түрде өз білімін көтеруге тарту және кәсіби біліктілігін шыңдау арқылы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде, оларды шығармашылық әрекетке баулуда білім беру саласындағы жаңалықтарды, кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру ісіне нақты ғылыми-әдістемелік көмек көрсету. Осы мақсатта мектеп тренері «Іс – әрекеттегі зерттеуде» түрлі әдіс-тәсілдермен және зерттеудің іс – тәжірибеде қалай қолдануға болатынын жүйелі түрде топтық жұмыс жасай отырып , шығармашылық жұмыстар жүргізді…