7 желтоқсан күні мектебімізде “Global Scholars” халықаралық жобасының сертификаттарын табыстау рәсімі өткізілді. Global Scholars жобасы 10-13 жас аралығында оқушыларға тәжірибе алмасу ретінде арналған онлайн жоба. Оқушылар бұл жобаға жыл сайын белсене қатысып, өз ойларын халықаралық деңгейде талқылай алады. Өткен жылы белсенді қатысқан оқушылар мектеп директорының ыстық ықыласына бөленіп, алғыс хаттармен марапатталды. Оқушылардың негізгі сертификаттары АҚШ мемлекетінің Нью-Йорк қаласындағы “Global cities” ұйымынан тікелей келді. Марапаттау рәсімі өте жоғары деңгейде өтті. Жаңадан келген оқушылардың қызығушылығы арта түсті. Алдағы уақытта біздің оқушыларымызды үлкен жеңістер күтіп тұр деп сенеміз! Жарайсыңдар! Тек алға! Жоба жетекшілері: Касымова Гульмира Болатовна, Аскарова Эльмира Сабитовна, Маликова Рысжан Сериккановна.