"Отбасы күні" мерекесі аясында өткізіліп жатқан апталықтың екінші күнінде 4-сынып оқушыларының әжелерімен дөңгелек үстел өтті.

Мақсаты: оқушыларды рухани ұлттық құндылықтарға, қазақы салт- дәстүрді ұстана білуге, адамгершілік қасиеттерді баланың бойына сіңдіре отырып тәрбиелеу.

• 4"А" сыныбынан әже Рыстина Ботагоз Кинаятқызы, 4 "Ә" сыныбынан әже Абжаппарова Манат Абшекеновна, 4 "Г" сыныбынан әже Абдирахманова Тойкүл Тәліппайқызы келіп, сынып оқушыларына ертегі айтып, балаларға бата берді. Сынып оқушылары әжелерге сұрақтарын қойып, өлеңдерін оқып берді. Балаларға ертегі айтып, әңгімелерімен бөліскен әжелерімізге мың алғыс айтамыз!