«Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырған Жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған жасөспірімдер олимпиадасының қалалық кезеңінде ағылшын тілі пәні бойынша 7б сынып оқушысы Амангелды Айданамен 7б-сынып оқушысы Шакеева Ария 2-орын иеленді; 8ә сынып оқушысы Ақылбек Қасымжомарт грамота алды.